Екі облыс түлектері тестілеуді қайта тапсырады

Екі облыс түлектері тестілеуді қайта тапсырады. Оған ұялы байланыс сигналдарын тежеуіштердің істен шығуы және бейнетрансляцияның өшуі себеп. Енді Түркістан облысында орналасқан екі пунктіде Шәуілдір ауылы, Жетісай қаласы және Шығыс Қазақстан облысындағы екі пунктіде Аягөз қаласы, Ақсуат ауылы түлектерінің емтихандары басқа күнге ауыстырылды.

Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың мәлімдеуінше, бұл пунктерде талапкерлер 27 маусым (Аягөз қ., Ақсуат а., Шәуілдір а.) және 2 шілде күндері (Жетісай қ.) тестілеуді тапсырады және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алады.

Қоса кетсек, биыл талапкерлерге калькулятор пайдалануға рұқсат берілді. Тестілеу уақыты ұзартылды.