Қазақстанда Қаңтар оқиғасына байланысты 331 адамға сот шешімі шыққан, 500-ден астам адам күдікті ретінде қамауда отыр. Бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов 1 маусым күнгі брифинг кезінде осылай деп мәлімдеді. “Жалпы елде Қаңтар оқиғасына байланысты 5 065 сотқа дейінгі тергеу амалы тіркелген. 514 күдікті сот санкциясымен қамауда отыр” деді Елдос Қилымжанов. Оның сөзіне қарағанда, 337 қылмыстық іс сотқа жіберілген.