Жамбыл облысында жойқын жарылыс даусынан тұрғындар шошып жатыр

Былтыр тамыз айында жарылыс болған Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің аумағынан оқ-дәрілерді жою қайта жанданды. Мамандар Қайнар ауылынан 12 шақырым жердегі елсіз таулы аймақта жарылыс жасап жатыр. Дүйсенбіден жұмаға дейін саперлар 720 минаны жояды. Жарылыс жүргізу 25 қарашаға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Осыған дейін 500 келіге жуық оқ-дәрі жойылған. Жарылыс болатын жерді облыс әкімдігі берген. Мамандар апта сайын жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жарылыстардан қорықпауға және түсіністікпен қарауға шақырады. Жарылыс жүргізу кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары сақталады.