Илья Белостоцкий 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтейтін болады, – деп хабарлайды РИА Новости. Сот жабық режимде өтті. Тергеу барысында Белостоцкийге 14 жасқа толмаған балаға әдепсіз әрекеттер жасады деп айыпталды. Ал сотта күш қолданды немесе кәмілетке толмаған жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы жыныстық сипаттағы күш қолданды деген айып тағылды. Ол 2020 жылдың қазанынан бері қамауда отыр. Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған шағымдануға болады.