Алматыда емдеу мекемелерінің бірінің дәрігері 11 жастағы баланың зорланғанын мәлімдеді. Ақпаратты “НеМолчиKz” қоғамдық қорының өкілдері айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қоғам белсенділерінің айтуынша, зардап шеккен бала туысымен бірге дәрігерге келген. “Дәрігер қарап, оның бірнеше рет зорланғанын түсінген. Балаға хирургиялық көмек қажет. Бұл оқиғаның егжей-тегжейін әзірге ашпаймын, бірақ ол адам шошитын жайт”, – деп жазды қор басшысы Дина Таңсәрі. Полицейлер мұндай факт шынымен де тіркелгенін растады. Тергеу амалдарын Медеу ауданының полицейлері жүргізіп жатыр.