Қазақстанда проблемалық несиелер көлемі жарты триллион теңгеге жетті – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев проблемалық несиелер көлемі жарты триллион теңгеге жеткенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Бір миллионнан астам адам өз міндеттемелерін өтей алмай отыр. Олардың көпшілігі ескісін жабу үшін жаңа несие алуға мәжбүр. Сондықтан 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап “Жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы” Заң күшіне енеді”, – деді Тоқаев.