Желтоқсан айында елдегі инфляция баяуламайды, керісінше, өседі. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, биылғы қараша айында жылдық инфляция 19,6%-ға жетті. “Жылдың соңына дейін инфляция 20-21%-ға дейін көтеріліп, 2023 жылдың бірінші тоқсанында шарықтау шегіне жетеді деп болжанып отыр”, – деді Пірматов үкіметтің кеңейтілген отырысында. Айтуынша, қабылданған шаралардың әсерінен және инфляциялық қысымның жеңілдеуіне қарай нақты мөлшерлеменің өсуін ескере отырып, 2023 жылы инфляция 11-13%-ға дейін төмендейді деп болжанып отыр. Пірматов қазіргі инфляцияға азық-түлік бағасының өсуі айтарлықтай үлес қосып отырғанын атап өтті. Азық-түлік инфляциясы 24,1%-ға дейін жеткен.