Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрлардан полицияның қонақ үйінің жанындағы көлік тұрағын қоршауға алғаны көрінеді. Полиция мәліметінше, 47 жастағы жергілікті тұрғынның денесі Toyota Hilux Pick Up көлігінің салонынан табылған. “Ер адам атыс қаруын қолданып өз-өзіне қол жұмсаған деген болжам бар. Қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу басталды”, – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті. “ҚазАгроҚаржы” АҚ ұжымы марқұм Ержан Устаевтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.