Әлихан Смайылов өз мүмкіндіктеріне сенбейтін министрлерге орнын босатып беруді ұсынды

“Әр қазақстандық жұмыстың нәтижесін сезінуі үшін мұндағы үкіметтің әр мүшесі тиімді жұмыс істейді деп отырмыз. Қойылатын талаптар өте жоғары. Өз қабілеттеріне сенімді емес және шешім қабылдай алмайтындар қазірден орынды босата берсеңіздер болады. Біз халықты қолдайтын, батыл шешім қабылдап, оның жауапкершілігін көтере алатындармен ғана жұмысты жалғастырамыз”, – деді премьер-министр Смайылов үкімет отырысында.