Семейдегі №1 жылу электр орталығының отын беру жүйесінде өрт шықты

Семейдегі нөмері бірінші жылу электр орталығының отын беру жүйесінде өрт шығып, мазут тарататын күштік фидер істен шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24». Қызыл жалын бір сағат ішінде сөндірілген. Салдарынан шаһардың сол жағалауындағы үйлердің 70 пайызында жылу температурасы төмендеп кеткен. Қазандықтар жұмыс істеп тұрғанымен, бункерлерде отын ды қолмен жағып жатыр. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұған «Теплокомунэнерго» мекемесінің 40 қызметкері жұмылдырылған.