13 қаңтарда парламенттің бірлескен отырысында депутаттар “Бірінші президент – Елбасы” туралы конституциялық заңның күші жойылғанын мойындау” туралы заң жобасын бірауыздан қолдап дауыс берді. Осылайша депутаттар экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасын түрлі артықшылықтар мен жеңілдіктерден айыруды қолдады. Парламент отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген әділет министрі Азамат Есқараев “экс-президентке берілген барлық кепілдіктер сақталады. Бұл оның отбасы мүшелері емес, тек өзіне ғана қатысты. Күші жойылайын деп отырған заң бұған дейін оның мүліктері мен есепшоттарына, отбасы мүшелеріне кепілдікті қарастырған” деп жауап берді.