Павлодарда өз баласын ұрып өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шығаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Сот материалдарына сәйкес, өткен жылы 28 қазанда 23 жастағы қала тұрғыны мазасызданып жылаған сәбиін өлтіріп алған. Бала жылағынан қоймаған соң, әйел оны жерге лақтырып, жұдырықпен ұрған. Есінен танып қалған сәби облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Сәбидің миына зақым келген. Дәрігерлердің әрекетіне қармасатан ол 2 қарашада көз жұмды. Судья сотталушының жасын ескеріп, оны 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді.