Сауда және интеграция министрлігі отандық өнімді экспортқа шығаруды тежейтін кедергілерді анықтау үшін өткізу бекеттеріне “құпия сатып алушы” жібереді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, министрлік экспорттағы сауда процедураларын жеңілдету бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. “Уақытқа, шығынға және процедураларға баса мән беріледі”, – деді Төребаев. Ол бұл жұмыстың нәтижелері үкіметке экспорттаушылар үшін шекарадағы қазіргі жағдайды жақсартуға, экспортты ілгерілету үшін ұлттық практиканы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге қатысты ұсыныстар әзірлеуге көмектеседі деген үмітте.