Қазақстанда үш бокс жаттықтырушысы коронавирустан қайтыс болды

Қазақстанда үш бокс жаттықтырушысы коронавирустан қайтыс болды. Бұл қаралы хабарды Маңғыстау облысының бокс федерациясы Instagram мен Facebook желілеріндегі парақшасынан естіртіп, бапкерлердің туған-туыстары мен жақындарына, шәкірттеріне қайғырып көңіл айтты.

“Жоғары ұлттық санаттағы төреші, бокстан КСРО спорт шеберіне үміткер Берік Ермағанбетов, бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жаңаөзен құрамасының аға жаттықтырушысы Жеңіс Жарылғапов және Жаңаөзен бокс мектебінің аға жаттықтырушысы Ақылбек Теміров өмірден озды.

Олар бокстың дамуына үлес қосты. Ақылбек Теміров бокстан 30 жылдан аса уақыт жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Оның тәрбиеленушілері – Қазақстан чемпиондары” делінген хабарламада.