Алматыда Сейфуллин даңғылы бойымен жүруге шектеу қойылады.

Бұл туралы «Алматы жылу желілерірінің» баспасөз қызметі хабарлады. Түрксіб ауданында 15 маусым сағат 22:00-ден 16 маусым күні сағат 10:00-ге дейін Сейфуллин даңғылы бойымен Кипренский көшесінен Анна Никольская көшесіне дейін көліктер үшін қозғалыс жабылады. Қоса кетейік, көшеде екі бағытта да жол қозғалысы шектеледі. “Алматы жылу желілері” қала тұрғындарын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, аталған учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.