Журналист Мира Мұстафина қайтыс болды. Ол ұзақ уақыт бойы “Литер” газетінде жұмыс істеген.
Әріптестерінің айтуынша, өткен аптада одан коронавирус анықталып, артынша пневмония асқынған. Мира Мұстафина медицина, мәдениет, әскери тақырыпта қалам тербеген. Журналистің жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз.