Елордалық полиция департаментінің ақпаратынша, “ИВЕКО” маркалы маршруттық автобусты басқарған 62 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол белгісі мен жаяу жүргіншілер қоршауына соғылған. Жүргізушіні оқиға орнынан жедел жәрдем алып кеткен. Полиция хабарлауынша, қозғалыс жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспаған, автобус салонында отырған жолаушылар дін аман. Жүргізушінің жолаушылар көлігіндегі еңбек өтілі 15 жылдан асады. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.