Air Astana 10 тамызда әуекомпанияларыдың бірнеше рейсінің кейінге қалдырылуына техникалық және ауа райы жағдайы, құстардың соққысы, одан бөлек, түнде Шымкенттегі 28-қону алаңының жабылуы себеп болғанын хабарлады. “11 тамызда да рейстер кешігуі мүмкін”, – делінген хабарламада. Компанияда тасымалдаушының кінәсінен рейс тоқтаған немесе кешіккен, тасымалдау бағыты өзгерген жағдайда авиакомпания 4 сағаттан соң ыстық тамақпен және 2 сағаттан соң сусынмен қамтамасыз ететінін ескертті.