Астана қаласындағы БЖЗҚ филиалының директоры Мұрат Шәріп осылай деп хабарлады. Жұмыс берушілер өздерінің қызметкерлеріне 1,5 пайыздан бастап бес пайызға дейінгі мөлшерде біртіндеп көтеріп, қосымша өтемақы төлейді. Бұл болашақ зейнеткерлерді қолдау ретінде енгізіліп жатыр. Тиімділігі – азаматтарымызға болашақта алатын зейнетақыларын көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс берушінің жұмысшыларына төлейтін міндетті төлемдерінің бірі. Әлеуметтік статусы мен жалақысына қарамайды”, – деді Мұрат Шәріп. Осы ретте ол алдағы уақытта зейнетақы жинағын пайдалану бойынша шектік мөлшер төмендетілмейтінін жеткізді.