Биыл 25 қазанда полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл күні заңсыз митинг ұйымдастыруға жол бермейміз. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz. Бізде адамдар әскери колонна кетіп бара жатса, соғыс басталды, полиция колоннасы кетіп бара жатса, митинг шыққандарды қуғалы бара жатыр деп ойлайды. Мен полиция көліктерінің қайда бара жатқанын білмеймін. Біз неге дайындалуымыз мүмкін? Бүгін тек 17 қазан ғой”, – деді ол.
Министрдің орынбасары мереке күндері полиция күшейтілген режимде жұмыс істейтінін, заңсыз митинг ұйымдастыруға жол бермейтінін атап өтті.