Автоматтандырылған ақпараттық жүйені әділет министрлігі республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп әзірледі. Мобильді қосымшада мынадай қызметтер қолжетімді: Бірыңғай тізілімінен борышкерлер туралы ақпаратты іздеу және қарыздарын төлеу. Елден шығуға уақытша тыйым салу мен шектеулерін тексеру. Онлайн режимінде 30 минут ішінде қарызды толық өтеген кезде шектеу шаралары жойылады. Атқару құжатын іздестіру, оның жағдайы мен орналасқан жерін қадағалау. QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алу. Қосымшаны мобильдік App Store және GooglePlay платформасынан жүктеп алуға болады.