Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардағы тариф бағасын тағы көтерілетінін айтты. “Халықаралық көлік жүргізу конвенциясына сәйкес, отандық және шетелдіктер бірдей төлеу керек. Ең арзан жол бізде. Мәселен, Ресейде Мәскеу-Қазан жолы салынды. Ресейліктер осы жолда жүргені үшін шақырымына 25 теңге төлейді, ал бізде 1 теңге 20 тиын. Жүк тасымалдаумен айналыстандар алдын ала төлесе, 15 пайыз жеңілдік жасаймыз. Сапасы төмен жолдарға ақы төленбейді”, – деді министр Марат Қарабаев.