Батыс Қазақстан облысында мүлік шығынын өтеуге қосымша 5 млрд теңге бөлінді. Су тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы облыстық бюджеттен беріледі. Тиісті қаражат резервке кіріс түсімдерінің есебінен аударылады. Сондай-ақ, осы қаражаттың бір бөлігі баспанасына залал келген тұрғындарға өтемақы төлеуге жұмсалады. Осы ретте су басқан ауылдардағы әлеуметтік нысандардың құрылысы мен оның күрделі жөнделуіне де қаражат резервтен бөлінбек.