Қазақстанда бір аптада коронавирустан 210 адам қайтыс болды

Қазақстанда 13-19 шілде аралығында коронавирус инфекциясынан 210 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен аптада ең көп адам өлімі Нұр-Сұлтан (114), Алматы облысында (19), Түркістан облысында (18) тіркелген. Қайтыс болғандардың ең үлкені – 1928 жылы, ең кішісі 1997 жылы туған.

Эпидемия басталғалы бері елде коронавирустан барлығы 585 адам қайтыс болған.