Жылдамдықты жиі асыратын такси жүргізушілері жолаушылар тасымалынан шеттетілуі мүмкін. Мұндай шараны көлік министрлігі мен inDrive, Яндекс Go арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде жүзеге асырылмақ. Ол үшін платформаның серіктес-жүргізушілеріне арналған онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарланып отыр. Оқыту барысында жол қозғалысы ережелері мен қалааралық автомобиль жолдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыптары қарастырылады.