Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды. Үкімет қаулысымен бұл қызметке Олжас Сейтбатталұлы Анафин келді. Ол еңбек жолын 2007 жылы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық маманынан бастаған. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті болып қызмет атқарған.