Судың “қара нарығы” үшін жауапкершілік күшейтіледі

Судың “қара нарығы” үшін жауапкершілік күшейтіледі. Судың “қара нарығын” жою мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Атап айтқанда, жаңа Су кодексінде суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейтуге бағытталған маңызды өзгертулер қарастырылып отыр. “Судың “қара нарығын” жою және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін біз мемлекеттік бақылауды күшейтеміз. Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды. Біз ұсынған жаңа нормалар мен ережелер құқық бұзушылықтар санын едәуір азайтуға және еліміздің су ресурстарына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.