Қазақстандықтар Құрбан айтта демалмайтын болды

Қазақстандықтар Құрбан айтта демалмайтын болды. Биыл Құрбан айт мерекесі 16 маусымда басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді. «2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді»,—делінген хабарламада. Осыған дейін ҚМДБ діни мерекелер кестесінде Құрбан айт 17 маусым болып бекітілген еді. Осы жылы мерекенің алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтарға қосымша демалыс берілмейді.