Астанада Құрбан айтта құрбандық шалу орындары анықталды. Құрбан айт мерекесі қарсаңында елордалық базарларда құрбандық шалу орындарында санитарлық нормалардың сақталуын тексерді. Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты Астана әкімдігі құрбандық шалу орындарын белгіледі:
«Шанхай» базары
«Баракат» базары (А-369 көшесі, 10)
«Жайлау» базары (С-754 көшесі, ғимарат. 1)
«Шолпан-ата» базары («Алаш» тас жолы, 27/2)
Темір жол ЖМ (Ақжар көшесі, 20).
Айта кетейік, биыл Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым, жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтарға қосымша демалыс берілмейді.