Оқырман саны 20 мыңнан асатын блогерлердің кірісі мен шығысы тексеріліп жатыр. Қазақстанда оқырман саны 20 мыңнан асатын блогерлердің кірісі мен шығысы жіті тексеріліп жатыр. Үкімет мәселені қолға алды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы. Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, қазір қазақстандық блогерлердің кірісі мен шығысындағы айырмашылық 1 миллиард теңгеден асқан. Демек, беймәлім табысы көп. “Бүгінде біз тізім жасадық. Оған оқырман саны 20 мыңнан асқан 745 блогер кірді. Соның 162-сінде ғана кіріс пен шығыс айырмашылығы 1 миллиард теңгегеден асқаны анықталды. Сондықтан осы мәселе бойынша тиісті жұмыстарды қолға алуымыз қажет”, – деді министр.