Қуанышбек Есекеев Мемлекет басшысының кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Қуанышбек Есекеев 2002 жылы мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік етті. 2010 жылдан – «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.