Алматыда “Қазақстан” қонақүйі иесі субұрқақтың бір бөлігін бассейнге айналдырған. Қонақүй жанындағы бұл субұрқақ жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне жатады. Сол себепті Алматы әкімдігі конақүй иесінің үстінен субұрқақты өз бетінше жаңартқаны үшін сотқа талап арыз берген. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, субұрқақты қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаждау рұқсатсыз жүргізілген. “Нысанда жұмыс тоқтатылды, “Crown Star” ЖШС меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, тиісті заңға сәйкес шаралар қабылданды. Бүгінде басқарма ұйғарымды мәжбүрлі орындау үшін сотқа талап-арыз береді”, – деп атап өтті ведомстводағылар.