О. Бектенов: Жағажайда патрульдер санын көбейту қажет. Балалардың судағы қауіпсіздігі үшін патрульдер санын көбейтіп, су айдындары маңындағы аймақтарды арнайы жабдықтау қажет. Үкімет басшысы Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. «Әрі өңір әкімдіктері мен Төтенше жағдайлар министрлігіне шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындарды тексеруді күшейту қажет», – деді. Себебі жыл сайын суға кеткендердің үштен бірі балалар болып отыр. Сондықтан сақтық шараларына баса мән беру керек. Қазір су айдындары жанында 30-дан астам балалар лагері орналасқан. Олардың 19-ы ғана арнайы жабдықтармен қамтылған.