Шомылу маусымы: 97 мобильді құтқару бекеті құрылды. Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен. Осы маусым айының өзінде 27 адамның өмірі айдында қиылды. Оның 17-сі – кәмелетке толмағандар. Қайғылы жайттар негізінен суға түсуге тыйым салынған жерлерде тіркелді. Бүгінгі Үкімет отырысында көтерілген басты тақырып – осы. Шомылу маусымы басталғалы құтқарушылар 24 адамның өмірін сақтап қалған. Оның 8-і – бала. Суға түсуге рұқсат етілген орындарда 399 құтқару бекеті жұмыс істейді, ол үшін 3801 қоғамдық құтқарушы арнайы оқытылған.