Елімізде 7 мыңнан астам кенші мерзімінен бұрын зейнетке шықты

Елімізде 7 мыңнан астам кенші мерзімінен бұрын зейнетке шықты. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты. Ол Қазақстанда зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін арнайы әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін түзетулер қабылданғанын еске салды. Биыл 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу аясында арнайы әлеуметтік төлемдер енгізілді. Бұл төлемдерді 55 жасқа толған және кемінде жеті жыл бойы міндетті кәсіби төлемдер аударылған қызметкерлер алуға құқылы.