Алматыда метро салу және көлік торабы құрылысы үшін жер телімдері мәжбүрлеп алынады. Бұл туралы қала әкімдігінің қаулысында жазылған. Құжатта көрсетілгендей, Наурызбай ауданындағы “Қалқаман” станциясынан “Барлық” базарына дейін құрылыс салу үшін сол аралықтағы жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталады. Бұл аумаққа бірінші метро желісінің үшінші кезеңі нысандары мен көлік торабын салу көзделген. Жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Жер учаскелерінің иелеріне заңда белгіленген тәртіппен өтемақы төленеді.