Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды

Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды. Билет құны 90 теңгеден 110 теңгеге көтеріледі. Елорда әкімдігі осылай деп хабарлайды. Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылдың наурыз айынан бастап тегін. Ол үшін оқушыда мектептің көлік картасы болуы керек. Жеңілдікке ие азаматтардың санаттары да бекітілген. Маңызды ақпаратты жолаушыларды тасымалдау компаниясының сайтынан біле аласыздар.