Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиада ойындарының іріктеу айналымын сәтті бастады

Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиада ойындарының іріктеу айналымын сәтті бастады. Отандасымыз олимпиаданың 1/8 финалына жолдама алды. Таеквондошымыз бірінші кездесуінде қарсыласы Исмаел Кулибалиді қапы қалдырды. Енді ширек финалда жерлесіміз екі дүркін әлем чемпионы Симоне Алессиомен кездеседі. Қоса кетейік, Батырхан Төлеуғали – Қазақстан құрамасының сапында Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас спортшы. Ол 18 жаста.