Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіргені үшін сотталғандардың қамауда ұстау шарттары жеңілдетілді. Олар қауіпсіздігі орташа колонияларға ауыстырылды. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитеті хабарлады. “Сотталғандар Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының қауіпсіздігі орташа мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. Жазаны жеңілдету туралы өтініштерді қарау және шешім қабылдау соттың құзыретіне жатады”, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен. Сотталушыларға қатысты басқа мәліметтер жариялауға жатпайды. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы маусым 19-ы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан еді.