Министр Саясат Нұрбек ғылыми жұмыстар мен диссертация жазғанда жасанды интеллект қолдану ережесін түсіндіріп берді. «Магистрлік, докторлық немесе студенттік жұмыстарды жазғанда, жасанды интеллектіні қолдануға рұқсат береміз. Тек бір шартпен – міндетті түрде «Бұл мәтін ЖИ көмегімен жасалған» деп көрсету керек. Сонда бағалаушы оқытушы студенттің ЖИ-ді қалай қолданғанын қарайды», – деді Ғылым министрі елордада өткен Тамыз саммитінде.