Гүлмира Сатыбалдының денсаулығына байланысты сот жарыссөзі кейінге қалдырылды. Сатыбалдының адвокаты. «Айыпталушыда аллергия пайда болды, соған байланысты оның физикалық жағдайы нашар. Дәрігер таппай отырмыз»,- деді. Естеріңізге сала кетейік, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрыңғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің ауыр зардаптарға әкеп соққан озбырлық; қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру; адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы адам ұрлау баптары бойынша бірнеше айып тағылған.