Францияның сот органдары Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қамауға алу мерзімін ұзартты. Ол Париж әуежайында өзі жасаған мессенджерге қатысты құқықбұзушылықтар жасады деген күдікпен қамауға алынды. Дуровты қамауға алу тергеу судьясының шешімімен 96 сағатқа созылуы мүмкін. Осы мерзім аяқталғаннан кейін судья оны босату немесе қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдай алады. Францияның әділет министрлігі Дуровты алаяқтық, есірткі саудасы, киберқорлау, ұйымдасқан қылмыс және терроризмді насихаттау сияқты қылмыстарға қатысты алдын ала тергеу аясында тұтқындауға ордер берді.