Республика бойынша қосымша білім беру гранттары тағайындалды. Ғылым және жоғары білім министрлігі осылай деп хабарлайды. Білім беру гранттары конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге тиісті тәртіпке сәйкес белгіленді. Ол үшін грант иегерлеріне жоғары оқу орындарына баруы қажет. Естеріңізге сала кетейік, биыл талапкерлер жоғары балл алса да, білім грантын ала алмаған еді. Түлектердің жанайқайынан кейін Ғылым және жоғары білім министрі талапкерлерге тағы 10 мың грант бөлді.