Павел Дуров Нобель сыйлығына ұсынылды. Мұндай ресми ұсынысты Ресейдегі Еуразия халықаралық университетінің ректоры Константин Клименко жасады. Клименко бұл идеясын өзінің Telegram-каналында жазды. Ол Павел Дуровты жаңа цифрлық технологиялар дәуірінің көшбасшысы деп санайтындығын айтты. Бұл идеяны Азия мен Африка елдерінің бірқатар университеті мен қоғамдық ұйым өкілдері де қолдап отыр. Естеріңізге сала кетейік, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Францияда ұсталған еді. Дуровқа Telegram-дағы контентті модерациялаудан бас тартқаны үшін терроризм, есірткі саудасы, ақшаны жылыстату сияқты ауыр қылмыстарға қатысы бар деген айып тағылған.