Мәжіліс депутаттары Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасын әзірлеу кезінде ТМД елдерінің, Германия, Польша, Түркия және басқа да елдердің тәжірибесі зерттелді. Азаматтық-құқықтық тұтынушылық дауларды шешу тәртібі көп сатыдан екі сатыға дейін жеңілдетіледі. Сонымен бірге, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институты енгізіледі. Ілеспе заң жобасында негізгі заң жобасына сәйкес келтіру мақсатында екі кодекске: ҚР Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу, сондай-ақ: Көлік, Туристік қызмет, Сауда қызметін реттеу, Ақпаратқа қол жеткізу, Табиғи монополиялар туралы 5 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобалары барлық мемлекеттік органмен, соның ішінде Бас прокуратурамен және Жоғарғы Сотпен келісілген.