Қызын пышақтаған ана оқиғасына қатысты министрлік ресми мәлімдеме жасады. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Алдағы уақытта психологиялық көмек те ұсынылады. Білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мен әкімдік әйелді қалған балаларын үйде тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады,- деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті. Аталған дәйек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.