Екібастұзда екі студент ес-түссіз күйде көшеде табылды

Екібастұзда екі студент ес-түссіз күйде көшеде табылды. Олар аяусыз соққыға жығылған. Зардап шеккендердің бірі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Кәмелетке толмаған екі баланың денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. “Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.