Қорғаныс министрлігі күзгі әскерге қабылдау кезінде көшеде рейд болмайтынын айтты. Бұл жолы мерзімді қызмет құрамы өркениетті тәсілмен жасақталмақ. Ол үшін жергілікті билік деңгейінде жастарды тәрбиелеу ісі жүріп жатыр. Әскерилердің айтуынша, қарулы күштегі қайғылы оқиғалар туралы жаңалықтар әскерге шақыру қарқынына әсер етпеген. Қорғаныс министрлігі жастардың көбі әскери комиссариаттарға өздері келетінін мәлімдеді. Тіпті қызметтен жалтарғандардың өзі профилактикалық жұмыстан кейін әскерге өз еркімен барса керек.