АИТВ-қа қарсы вакцина сынақтан сәтті өтті . Бұл революциялық препаратты Эмори университетінің зерттеушілері және вакцинаны әзірлеуші Гилеад компаниясы жасап шықты. Инъекциялық дәрілік препаратты жарты жылда бір рет қабылдау қажет. Клиникалық сынақтар оның тиімділігі 96%-ға тең екенін көрсетті. Препараттың жылдық дозасының құны 40 мың доллардан асады. 21 миллион теңгеге тең. Сынақ барысында Ленакапавир тобындағы қатысушылардың 99%-ы ауруды жұқтырған жоқ. Зерттеу барысында 2 мыңнан аса адамнан екі қатысушы ғана АИТВ жұқтырған. Зерттеуге Оңтүстік Африка мен Угандадағы 16 мен 25 жас аралығындағы 5300-ден астам әйел қатысты. Егер мақұлданса, препарат инъекция алған кез келген адамның жыныстық қатынас арқылы вирус жұқтырып алуына жол бермейді.