Елімізде банктер арасындағы аударымдар мен карта шығару қызметі үшін алынатын комиссияға салық салынуы мүмкін

Елімізде банктер арасындағы аударымдар мен карта шығару қызметі үшін алынатын комиссияға салық салынуы мүмкін. Банктердегі комиссияға салық салу нормасы жаңа салық кодексінде көзделген. Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, бұл ереженің адамдардың қарапайым жасап жүрген аударымдарына қатысы жоқ. Комиссиясыз жасалатын операциялар салықтан босатылады. Қазір бұл нормалар парламентте талқыланып жатыр. Жаңа салық кодексі келер жылы қабылданады.